boranbaev

Қайрат Советаевич Боранбаев

Қазақстанның белгілі бизнесмендерінің бірін кәсіпкерлік пен қарапайым сауда-саттық келісім-шарты үшін тұтқындап, соттап жатыр
Мен сылтау айтпаймын.

«Мен сіздерге өз өмірім туралы қысқаша айтып бергім келеді. Сонда мен байлығымды қалай тапқаным түсінікті болады және басқалардың басына түскен қиындықтарға мен кінәлімін бе деген сұрақ өздігінен жоқ болады деп сенемін». Қайрат Боранбаев

22 қыркүйек 1966 жыл

Мен Торғай облысы, Амангелді ауылында дүниеге келдім. Ата-анам қарапайым совет заманының қызметкерлері болған, әкем заңгер, анам есепші. Меған 4 жас толғанда Арқалыққа көшіп келдік, сонда мен балабақшаға бардым, содан кейін мектепті бітірдім.

1970

Өкінішке орай әкем ерте қайтыс боп кетті. Оның кетуімен өміріміз қиындай түсті. Біздің отбасымызға қаржы жетпеді. Анамның негізгі жұмысынан бөлек тағы үш қосымша жұмысы болды. Анама, әпкелерім мен ағаларыма көмектесу үшін, отбасында біз 5 адам болдық, мектептен бастап қарауыл болып, еден жуып, кинотеатрды күзететінбіз.

Айтпақшы, кешкі сессияны тегін көруге болатындықтан, бұл менің сүйікті жұмысым болды.

Адамды тек еңбек қана жақсартатынын сонда да түсіндім. Бала кезімнен еңбек етуді үйреткен анама алғысым шексіз.

Мектеп кезінен бастап мен спортқа әуес болдым, сондықтан әкем мені боксқа апарды. Бірақ бірінші жаттығуда мұрнымды бұзған соң, әкем мені «осал» деп, бокс саған бұйырмаған деді. Кейін футболға жазылдым, бірақ бір айдан кейін жаттықтырушыны әскерге алып кетті. Содан үлкен ағам мені өзі бір жыл бойы айналысып жүрген гандбол секциясына алып келді.

Сонымен, мен өз басым осы спорт түріне барынша беріліп, жақсы нәтижелерге қол жеткіздім, бұл менің пікірім, мүмкін мен өзім туралы жоғары ойда болармын. Жаттықтырушым Виктор Лукьянович Кукушкин мен үшін әрі жаттықтырушысы, әрі әке болды.

Мектепте мектеп арасында, оның ішінде шахматтан жарыстар өткенде, барлық спорт түрінен құрама сапында ойнадым.

1980

18 жасымда Мәскеу дене шынықтыру институтына түсуге бел будым, бірақ өкінішке орай құжаттарым қабылданбай, анам әкем әпкемнің немесе менің КазГУ-ге заң факультетіне түскенін қалайтынын айтқанымен, Алматыға ҚазИФК-қа бардым. Біраз уақыттан кейін мен КазГУ-дің заң факультетін үздік бітірдім.

Студент кезімде жатақханада тұрдым, сонда жаңа және адал достарымды кездестірдім. Бірақ ең бастысы, мен өмірімде бірінші рет жан жарыма ғашық болдым, ол кезде ол оныншы сыныпта оқитын еді, бірақ, айтпақшы, мен мұны білмедім.

Бірінші курстан кейін бізді (9 адам) әскерге алып кетті, Қиыр Шығыста Белогорск қаласында қызмет еттік. Әскерден келген соң, екінші курста институт қабырғасында тағы да «өз қызыммен» кездесіп, қайтадан ғашық болдым. 9 жыл достықтан кейін Шолпан маған тұрмысқа шығуға келісті.

1990

Бұл кезде КСРО ыдырап, халық айтатындай «сұрапыл 90-шы жылдар» басталды. Мен тез шешім қабылдауды және сауда жүргізудегі тәуекелге баруды үйрендім, ол кезде бәрі дәл осылай істейтін. Бірақ мен үлкен келісім шарттармен айналысуға тырыстым (ол кезде маған солай көрінетін). Барлық осы істерім сәтті болды, бірінші ақша пайда болды. Төле би көшесіндегі үйдегі тоызыншы қабаттан алғашқы екі бөлмелі пәтерімізді алдық, сол үйде Шолпаным екі қызымызды дүниеге әкелді.

Мен отбасымды қамтамасыз ету үшін бәрін жасадым. Мен ақша табуды білдім, өйткені мен батыл болдым және тек өзіме тәуекел еттім. Әрқашан өз ісіме жауапты болдым. Осы күнге дейін болып жатқан істерге жауапкершілікті тек өзіме ғана аламын.

Алғаш рет Ресейдегі Макдональдс мейрамханасымен мен іссапарлардың бірінде – Пушкин алаңында бірінші нүктесі ашылған кезде таныстым. "Бізде ондай нәрсе жоқ!” деген бірінші ой келді.

"Бізде ондай нәрсе жоқ!” деген бірінші ой келді.Мейрамхананың кезегінде кіреберіске жақын тұру үшін 20 долларға орын сатып алдым. Кіргендегі көрініс әлі есімде: дизайн, төсбелгісі бар жас қызметкерлер, қызмет көрсету кассалары және адамға толық мейрамхана. Осылайша мен МакДональдс брендімен таныстым.

Брендтің метафизикасы, адамдары, орны, уақыты - осының бәрі бөлек әлемдей көрінді.

Сол кезден бастап менде бір ғана мақсат болды – МакДональдсты Қазақстанға әкелу! Бұл ойлармен күндіз-түні өмір сүрдім - МакДональдс брендінің тарихын басынан аяғына дейін білдім. Бірақ, бұл арманымның орындалуы 16 жылға созылады деп ойлай алмадым.

Мен Ресей Федерациясының Макдональдс Президенті Хасбулатов Хамзатпен танысып, осы жылдар ішінде Хамзат Хамидовичтен көп нәрсені үйрендім.

2014 жылдың қазан айында Мен Қазақстанға Макдональдс франшизасына қол қойып, Беларусь нарығын, ал екі жылдан кейін Ресейдегі Урал аймағын да иемдендім.

Кәсіпкер ретінде мені осы компанияның технологиясы мен корпоративтік мәдениеті таң қалдырды. Мен әлемнің түкпір-түкпіріндегі мейрамханаларға барып, стандарттардың бірлігіне, әртүрлі дінмен мәдениетке қарамастан тұтынушыларға тез, сапалы және күлімсіреп қызмет көрсетулеріне таң қалдым.

Мен өзім 9 айлық франчайзингтік оқыту бойынша тәжірибеден өттім және Мәскеу мейрамханасында 2 айлық жұмыс тәжірибесінен өту кезінде мен клиенттердің жайнаған көздерінен және қуаныштарынан үлкен эстетикалық ләззат алдым.

Мен үш елге: Беларусь, Қазақстан, Ресейге франшиза алған Макдональдстың еуропалық бағытында жалғыз болғанымды мақтан тұтамын. Адамның бойындағы ең басты қасиеттер – еңбекқорлық, тілек жәнеалған бағытынан қайтпау екеніне тағы көз жеткіздім, өйткені менде осы қасиеттерден басқа ерекше таланттар болған жоқ. Егер әрқайсымыз ұмтылып, жұмыс істесек, одан да көп жетістікке жететінімізге кәміл сенімдімін.

Маған «Мен ақша табуды қалай бастадың?» деген сұрақты жиі қояды.

Жауап өте қарапайым - сол 90-шы жылдардағы басқалар сияқты. Барлығы қолма-қол ақшаға сауда жасап, бір-бірінің сөзіне сенді. Менің жолым болды, мен саудада ештеңе түсінбесем де, олар маған сеніп, менімен сауда жасады.

Мен ол кезде пайда әкелетін барлық нәрселерді сатумен айналыстым: кәмпит, ішімдік, астық, көлік және т.б. Менің бизнесім әрқашан мен үшін таңғажайып жерлерге жетудің және қызықты адамдармен кездесудің жолы болды. Содан кейін мен сол кездегі атақты бизнесмендердің барлығын кездестірдім: Бутя, Крамдс, Алтын Алма, Астана Моторс және т.б. бизнесмендер тобы. Ақша табу әрине өте жақсы, бірақ жұмыс пен қарым-қатынас сіз үшін маңызды болса, ол әлдеқайда жақсы.

Сол кездері Мәскеуде менің серіктесім болды, онымен біз «ақша сата» бастадық, яғни рубль мен теңгенің айырмашылығынан ақша таптық. Осылайша мен қаржы саласындағы алғашқы білімімді алдым. Біз онымен алғашқы миллион долларымызды Қазақстанда компьютерлік серверлерді сату арқылы таптық.

Кәсіпкерлік толық берілгендікті және позитивті ойлау қабілетін талап етеді. Мен спортшы болғандықтан, нәтижеге жету мен үшін бірінші орында болды. Сауда бизнесінде ең бастысы - талант пен интуиция. Олар бар немесе жоқ. Мұнда әмбебап ереже жоқ. Бақытымызға орай, менде бұл талант бар болды. Сонымен қатар, күшті және табысты адамдарды тарта білу маңызды. Мәселен, мен астық қолхаттарына айырбастау арқылы көбірек тауар сата алдым. Бірақ ол кезде біз қайта құру жағдайында жұмыс істедік: бір жағынан тауар нарығы өсіп, бәсекелестік көп болмады, екінші жағынан гиперинфляцияда өмір сүрдік.

Менің екі айға бірінші несием айына 50% -мен алынды - бұл қазіргі уақытта тәуекел деп саналады. Сонда мен өзіме түсіндім, нені алғыңыз келетінін алдына-ала талдау маңызды екенін. Мен де кәсіпкерлікке ұмтылдым және осы ережені күні бүгінге дейін ұстанамын. Сондықтан да болар, маған сеніп, бірге жұмыс істейді. Ол кезде мен бұл туралы ойламадым, өйткені маған солай болуы керек сияқты көрінді. Алдауға, «лақтыруға» болмайды деп сендім, өйткені мен кеңес мектебінде оқып-өстім, мұндай қылық ерсі болып саналатын.

Менің жолым болды, өйткені мен бастапқы кезеңде адал және дұрыс қызметкерлерді жұмысқа шақырдым. Біз әлі де бірге жұмыс істейміз, олар бизнесті құруға және дамытуға көмектесті. Сізге бейімделетін жағымпаздардан және мансапқорлардан аулақ болыңыз. Әрине, көңілсіздіктер болады, интригалар мен қателіктерден аулақ болу мүмкін емес, бірақ бұған дайын болу маңызды. Қарым-қатынас пен ақшаның маңыздылығын бағалай отырып, мен біріншісі маңыздырақ екенін көрдім, өйткені мен ешқандай ақшаға мен үшін құндылығы жоғары нәрсені сатып ала алмаймын - бұл жақсы қарым-қатынастар. Мен үшін қарым-қатынас басым болып қала береді, табыс тек жұмыстың нәтижесі.

Алғашқы қомақты ақшамды тапқаннан кейін, мен сол жылдардағы барлық кәсіпкерлер сияқты, бірінші кезекте жанұямды қамтамасыз етуді жөн көрдім. Шолпан екеуіміз ақшаның бір бөлігін тамаққа қалдырып, қалған ақшаны жаңа пәтерге сақтап, жинадық. Шынымды айтсам, әлі күнге дейін сол ақшаны қайда жасырғанын білмеймін. Жиналған ақшаға біз Төлебаев көшесінен үш бөлмелі пәтер алдық. Ол кезде менде мен мінген көліктердің арасындағы ең күштісі Тойота "Карина Е" машинасы бар болтын болатын.

Сол кездің өзінде біз кез келген оқиғаны тойлауға тырыстық: пәтерді, көлікті, алғашқы миллионды атап өттік. Бизнес пен отбасылық табысқа жету кезеңдерін есте сақтап бекіту маңызды. Егер сіз шығындарды қадағаламасаңыз, оны саудада сақтау қиын. Сондықтан мен үнемі жаңалық іздедім, бірақ ол кездегі барлық жаңалық Мәскеу мен Еуропадан келетін еді.

Канадада 20 жыл тұрып жатқан студент достарымызбен кездесу кешінде мен олардың достарымен таныстым, осылайша мен бизнестің басқа деңгейіне көтерілдім - бұл шетелдік компаниялармен жұмыс істеу. Ол Финляндияның көптеген ірі компанияларының өкілі болды. Сөйтіп, ол арқылы мен Fazer компаниясына хабарластым, біз шоколад және кондитерлік өнімдерді, соның ішінде балалар тағамын, Fazer өнімдеріне, құрылыс материалдарын жеткізуге келісім-шартқа отырдық. Бұл келісім-шарттар мен байланыстар тұрақты табыс әкелді және мен бәріне қол жеткізген сияқты болдым.

Жұмысымды саудадан бастап, жүре бере маған білім жетіспейтіндігін түсіндім. Сөйтіп мен Париж маңындағы INSEAD бизнес мектебін бітірдім. Ол жерде мен “Сколково” компания жетекшілерімен бірге оқыған болатынмын. Сол жерде біз Қазақстан нарығының мәселелері туралы сұрақтарымызға да жауап тауып, кейіннен өзіміздің Qosy бизнес мектебін аштық, қазір бұл мектепте жерпгілікті қызметкерлерімізге білім береміз.

Бүгінгі таңда біздің холдингтің басшылар кеңесінде "Сколково" мектебінің Қаржы, HR және маркетинг бойынша үш профессоры жұмыс істеуде. "Адал компанияға қош келдіңіз" деген ұранымыз біздің сайтймызда келтірілген.

Иә, Қазақстанда адал бизнес жасау мүмкін. Менің кеңесім – өз отаныңызда бизнес жасаңыз. Менің ойымша, біздің нарықта қатаң бәсекелестік жоқ. Сондықтан ақылды, дұрыс және талантты кәсіпкер кез-келген бағытта, өзінің сауатты әрекеттерімен бәсекелестерді «жырта» алатынына сенімдімін.

2000

Шолпан екеуміздің өз періштеміз бар - бұл қызымыз Әйгерім. Өкінішке орай, ол церебральды сал ауруымен (ЦСА) туылды. Бірақ біз қызымызды әрқашан сау бала ретінде қабылдап өсірдік.

Қазір Әйгерім 27 жаста. Сөйлемесе де, бәрін түсінеді. Тірек-қимыл жүйесінің ауыртпашылықтарына қарамастан, біз оны жүріп-тұруға, отыруға және құлаққап арқылы музыка тыңдауға үйреттік.

Мұндай ерекше балаңыз болған кезде отбасында ең маңыздысы – қолдау көрсету екенін атап өткім келеді. Мен әрқашан бар күшімді салып жұбайымды қолдап жүрдім, өйткені ол “неге бірінші баламыз сау, ал екіншісі церебральды сал ауруымен туылды?” деген сауалды жиі қойып, қатты қобалжитын еді. Бастысы - қолдау көрсету және “кім кінәлі” деген сұрақ қоймау. Біз Әйгерімді бірге аяққа тұрғызып, қай жағдай болмасын - бір-бірімізге әрқашан көмектесуді жөн көрдік.

Қызымызды екі айлық жасынан бастап емдеттік. Еуропалық, американдық және қытай дәрігерлерін аралап шықтық. Сол кезде мен өзім үшін церебральды сал ауруы мен мүгедектігі бар балаларға көмектесемін деген шешім қабылдадым.

Әйгерім 7 жасқа толғанда, біз ЦСА бар балаларға арналған балабақшаға бара алмай, бұдан әрі не істейміз деген сұрақ туды. Шыны керек, ЦСА бар балаларды емдеу, бейімдеу және әлеуметтендірудің үлкен мәселелерімен кездестік. Мен ата-ана ретінде осындай балаларға қатысты әділетсіздіктің барлық кезеңдерінен өттім. Өз ерекше балаңыз болған кезде сіз оларды қоғамда бірден байқайсыз және олардың ата-аналары қандай бейненттен өткенін жақсы түсінесіз.

Осылайша Шолпан екеуміздің демеушілік көрсетіп "Мейірім" қайырымдылық қоры қарамағындағы ЦСА бар балаларды емдеу орталығын аштық. Орталық 18 жылдан аса жұмыс істеуде.

Менің ойымша, Қазақстанда бұдан асқан орталық жоқ. Бұл жерде біз физикалық және психикалық шектеулері бар балалар мен жасөспірімдерді жан-жақты дамыту, әлеуметтендіру және оқыту үшін барлық қажетті жағдайларды жасадық.

"Мейірім" РО атауы мен логотипін Шолпан ойлап тапты. Шетелдік тәжерибеге сүйеніп, біз бірден бала жасын шектемейтін оңалту орталығын ашқымыз келді. Осылайша біз балаларды оңалтудың дәстүрлі тәсілдерінен бас тартып, оларды қоғамға бейімдеудің жаңа әдістерін енгіздік.

Орталық 2004 жылы ашылып, 2022 жылы өзінің 18 жылдығын атап өтті. Орталық ашылғаннан бері 1000-нан астам бала реабилитациялаудан және әлеуметтендіруден өтті. 2017 жылы орталық кең ауқымды реконструкцияға жабылып, 2,5 млрд. теңге жеке қаражат салынып ғимаратты және оның маңындағы аумақтарды оңалту орталықтарының заманауи стандарттары бойынша ең жақсы концепцияларға сәйкестендіру жұмыстары атқарылды.

Бұл күндізгі сағат 8:00-17:00 аралығында балалар ата-анасыз қала алатын Қазақстандағы алғашқы орталықтардың бірі. Орталық ақыл-ой және дене кемістігі бар балаларға түзету-дамыту көмегін көрсетеді. Педагогтар балалармен шағын топтарда және жеке түрде арнайы жабдықталған сыныптарда жұмыс істейді, мұнда барлық қажетті заманауи оқу құралдары, ойыншықтар, компьютерлер бар.

Монтессори әдісі бойынша жабдықталған бөлме ашылған, мұнда арт-терапия жүргізіледі. Музыкалық залда балалардың шығармашылық қабілеттері ашылады. Қазақстандағы жалғыз проектор бөлмесі де жабдықталған, онда балалар сыртқы әлеммен танысады, бөлменің едені мен қабырғаларына проекцияланған 3D және компьютерлік графика арқылы ұсақ/жалпы моторикасын дамытады. Орталықтың басым көп бөлігін спорт залы алып жатыр, онда тірек-қимыл аппаратын дамытуға арналған тренажерлар мен спорттық жабдықтар бар.

Орталық ауласында когнитивтік процестерді, жалпы физикалық және әлеуметтік дағдыларды дамытуға ықпал ететін көптеген ойын элементтерін біріктіретін бірегей инклюзивті ойын алаңы бар.

Орталық ауласында когнитивтік процестерді, жалпы физикалық және әлеуметтік дағдыларды дамытуға ықпал ететін көптеген ойын элементтерін біріктіретін бірегей инклюзивті ойын алаңы бар.

Мұның бәрі арнайы оқудан өткен және балалар мен жасөспірімдердің бейімделуіне тікелей қатысы бар ұжымның еңбегісіз жұзеге асыру мүмкін емес.

Сондықтан мен орталығымыздың күтушілеріне, аспаздарына, оқытушыларына, медицина қызметкерлеріне және орталықтың барлық ұжымына зор алғысымды білдіргім келеді. Сіздер және сіздің балаларға және жұмысқа деген ұмтылысыңыз болмаса, біз ештеңе де істей алмас едік.

Сіздердің қамқорлығыныздың арқасында бүгінгі таңда 1000-нан астам бала қоғамға қажеттілігін сезіне алады.Рахмет!

2000 жылдардың басында мені жаңадан құрылған ҚазТрансГаз компаниясына сыртқы экономикалық қызмет бөлімінің орынбасары лауазымында Мәскеуге жұмыс істеуге шақырды.

Өз басым тек жалақы үшін жұмыс істеп, күнімен кабинеттер мен кеңестерде отыруды ұнатпадым. Мәскеудегі жұмысымның арқасында мен жаңа іскерлік серіктестер мен достар таптым. Газ бизнесінде бөгде адамдар болмайды, бар «ойыншылар» көз алдыңызда. Сол жылдары акционерлік қоғам қалпындағы компанияларға коммерциялық қызметпен айналысуға рұқсат етілетін, соның арқасында сол кезде мен ресейлік көмір және Еуропаға газ сату келісім-шарттарынан жақсы капиталға ие болдым.

Газ бизнесінде барлық ойыншылар белгілі, бөтен адам жоқ, мен Еуропадағы серіктестермен еуропалық компанияларға газ сататын трейдер бола алдым, сондықтан «Самұрық-Қазына», «ҚазМұнайГаз» салаларында менің жобаларым болған жоқ.

Кейінірек 2006 жылы маған Газпром (50%) мен ҚазМұнайГаз (50%) акционерлері болған Қазақстан-Ресей бірлескен "ҚазРосГаз" кәсіпорнын басқару туралы ұсыныс түсті. Менің Еуропада газ сату тәжірибем болғандықтан, Орынбор газ өңдеу зауытында Қарашығанақ газының көлемімен жұмыс істейтін бірлескен кәсіпорына жетекшілік етуге келістім.

Жұмыстың басында біз Қазақстан мен Ресей бойынша іссапарларға жиі ұшатынбыз - осылайша мен газ, оны тасымалдау, сақтау және өңдеу деген не екендігі туралы алғашқы тәжірибелік сабақтарымды алдым. Әуежай мен қонақүйлердегі жасы үлкен аға әріптестеріммен әңгімелеріміз мен үшін газ өндірісі туралы тегін сабақтарға айналды.

Біздің жұмысымыздың арқасында Қарашығанақ газы есебінен Қазақстандағы газ халық үшін көтерме саудада ең аз көрсеткіштер бойынша сатылды. Маған осындай компания құрғанымыз өте ұнайды, бұл негізінен қызметкерлердің еңбегі деп білемін. Сөзіме сеніңіз, «Газпром»-мен серіктес болу бір жақтан жақсы болса, екінші жағынан өте қиын. Бірақ мұны жүзеге асыру менің қолымнан келді, біз серіктестерімізбен бірігіп, бірлескен кәсіпорын қызметіне жете назар аудардық.

Бұдан алған негізгі сабағым – жасалып жатқан жобаларды талдай білу, ал бұл Газпромда өте биік деңгейде еді.

Мен үшін бұл жаңа бизнес сабақ болды, оны әлі де қолданамын. Холдингте біз басқарушы компания ретінде жобаларға дәл осындай тәсілді қолданамыз – кез келген жобаны іске қоспас бұрын барлық аналитикалық және зерттеу жұмыстарын, соның ішінде тесттерді де, жүргіземіз, өзіміз «айдап» көреміз де нәтижелерді алғаннан кейін – өндіріске енгіземіз.

2013

КазРосГазда жұмыс істей отырып, мен көп нәрсеге қол жеткіздім, ал бұл компаниядан кетудің нақты себебі мүлдем басқада.

Үлкен қызым Әлима Англияда білім алып, өнер тарихы бойынша әлемдегі ең үздік университеттердің бірі Курто университетін бітірді. Бұл университеттің мұражай ғимаратында орналасқаны, ал студенттер оған аула жақтан кіріп, галереяда оқитыны кезінде мені таң қалдырған еді. Бұл студенттер үшін өте ыңғайлы болды, олар суреттер мен көрмелердің арасында отырып, шығармашылықпен шабыттанып, оқу материалын меңгеретін еді.

Әлима оқу кезінде Айсұлтанмен танысқан. Олар ғашық болып, үйленуге шешім қабылдады. Мен қызыммен өмірімде бірінші рет ересек адаммен әңгімелескендей сөйлестім, қаншама есейсе де олар біз үшін әлі бала болып қала береді ғой. Мен одан «мүмкін бас тартарсың, әлі ерте емес пе, Айсұлтан жәй жігіт емес, оның отбасы да қарапайым емес, менің мүмкіндіктерім мен бизнестегі табысым тәуелсіз болуға мүмкіндік береді ғой» деп сөз қозғадым. Бірақ Әлимам өмірінде бірінші рет ғашық болды. Дариға Нұрсұлтанқызы келіп, неке құруға келісімімізді беруімізді өтінді.

Айсұлтан мен Әлима көрікті жұп болатын, Айс (біз оны солай атадық) біздің үлкен әулетіміздің ортасында ашық-жарқын адам ретінде көрінді. Ол кезде 10 жыл бойы «қызымыздың» уайымымен жүргенбірге Шолпан екеуміз егіз екі ұл таптық. Олар дүниеге келген күннен бастап бізде жыл сайын үлкен отбасымызбен бас қосып, Тимур мен Диардың туған күнін тойлау дәстүрі пайда болды. Немереміз Амели туылғанға дейін Айсұлтан «балашка»-лармен (біз оларды қазір де солай атаймыз) ойнағанды ұнататын.

2013 жылы Айсұлтан мен Алиманың үйлену тойы болып, сол жылдың желтоқсан айында өз еркіммен арыз жазып, «КазРосГаздан» кеттім. Ешкім мені жібергісі келмеді, бірақ мен бар жауапкершілікті түсіндім және табысымды Дариға Нұрсұлтанқызымен байланыстырғым келмеді. Қазір бізді кішкентай немереміз Амели ғана біріктіреді. Айсұлтан иманды болсын.

2020

КазРосГаздағы жұмыс маған болашақта жаңа мүмкіндіктер ашты. Мен жаңа табысты адамдармен сөйлестім, міне, Орынборда газ өңдеу зауытын өңдеу және басқару бойынша нағыз кәсіби мамандар жұмыс істейді. Мен барлық жаңа білім мен теорияларды тәжірибеде қолдануға тура келді, өйткені. Маған Орынбор зауытында өндірістің «корейлерімен» жұмыс істеуге тура келді. Бұл бизнестегі сияқты, ол басқа адамдардың сенімсіздігін тоқтатпауы керек, ең бастысы өзіңізге сеніңіз, өйткені мен тәжірибесіз, өндіріс қызметкері емес, оны «итермелейтін» және әртүрлі болжамдар туралы көп әңгімелерді естідім.

Айтпақшы, мен шұжық өндіруден немесе мейрамханаларды ұстаудан айырмашылық бар деп ойлайтын кейбір «өндірушілерді» мүлдем түсінбеймін. Мәні барлық жерде бірдей – арзанырақ сатып алу, жақсарту және қымбатырақ сату. Мәліметтердің бар екені анық, бірақ ол үшін инженерлер мен мамандарды жұмысқа шақырады.

Сізге басшы ретінде жұмыс істеу оңай, өйткені барлық мәселелерді департаменттер, өндіріс қызметкерлері, қаржыгерлер және акционерлердің заңгерлері үйлестіреді және акционерлердің жалпы жиналысы бойынша шешім шығарады, оны функционалдық құзыреті шегінде орындау керек. Шынымды айтсам, бұл ыңғайлы, өйткені есептер мен деректер бар барлық аналитика сіздің көз алдыңызда.

Мен холдингімізді және қызметкерлердің жұмысын мақтан тұтамын. Қазір біздің холдингте компанияның тұрақтылығын арттыратын жоспарларға қол жеткізу, бизнес-процестерді түсіну арқылы қызметкерлердің энергиясы басты құндылық болып табылады.

Ұжымдық ойлау қаншалықты тапқыр болса да, мен корпоративтік күш-жігер арқылы емес, бір немесе екі адам арқылы дамуды қалаймын. Компанияны ойлап тапқан және оны құрған адам әрқашан оны қалай басқару керектігін жақсы біледі немесе оны қалай жасау керектігін басқаларға қарағанда жақсы түсінеді.

Менің тағы айтар екі әңгімем бар, олармен мақтана аламын. Бұл Ұлттық Паралимпиада комитетіндегі мүгедек спортшылармен жұмыс және «Қайрат» ФК, менің ан демалыс орным. «Қайрат» ФК өзінің жетістіктері мен мүмкіндіктерімен барлығына белгілі, ал қазақстандық паралимпиадашылардың жетістіктері туралы көп жазылды. Бейжіңдегі Паралимпиадада осындай сәтті өнер көрсеткеннен кейін мені қамауға алды.

2023

Өкінішке орай, бізде табысты кәсіпкерлерді жақтыртпайды, оларға үкімет деңгейінде де, халық деңгейінде де нашар көзбен қарайды (әрине бәрі емес). Оның үстіне халыққа сенің кім екенің бәрібір, қарапайым халықтан пайда тапсаң, сен бейбақсың.

Барлығын бір өлшеммен қарайға болмайды, «олигархтардың» арасында да жасампаздар бар. Ал жекешелендіруге мүлде қатыспаған кәсіпкерлер де бар – мысалға, менде мемлекеттен алған мүлкім жоқ, мен бәріне өзім төккен термен, таңертеңнен кешке дейін жұмыс істеп, қол жеткізгенім бар. Ең бастысы шетелде тапқан табысымның бәрін Қазақстанға саламын.

Халық бәрі талан-таражға түсті, бізде бәрі бар болды, ал қазір ештеңе жоқ деп наразылық білдіруде. Бізде не болды? Мен 80-ші жылдардағы өзімді есіме түсіремін, ештеңе де болмады - материалдық әл-ауқат та, еркіндік те.

Менің өзім де көп мәселеге екіұшты көзқараспен қараймын, бірақ жалпы міндет – кәсіпкерлерге деген көзқарасты өзгерту, жұрт түсіну керек жайт: кәсіпкер жұмыс орындарын жасайды, яғни өнім мен бәсеке бар, жалақы өседі, тауар болады.

Ештеңе істемей отыра беруге болады, бірақ сонда ешкім ақша таппайды, бәріміз тұңғиыққа құлаймыз. Барлығы қарапайым, бірақ ол үшін кәсіпкерлерді қыспаққа алмай, жағдай жасау керек.

Жастарға кәсіпкерлік – ұрлық пен «қолға беру» емес, еңбек пен жасампаздық екенін түсіндіргім келеді.

Жастарға кәсіпкерлік – ұрлық пен «қолға беру» емес, еңбек пен жасампаздық екенін түсіндіргім келеді. Клоун-кәсіпкерлер азайып, қоғамды қозғайтын, өмірді жақсартатын, оны жарқын, әдемі, бай, қызықты, лайықты ететін, тәуекелшіл адамдар көп болуы керек.